Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 176

Стр. 178

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қане, жолдастар, Москва сағаты қазір он екіні соғады. Құлақтарына Кремльде

соқтығысқан жеңіс бокалдарының сылдыры келсін. Бокалды кіммен бірге көтеріп

тұрғандарыңды кез алдарыңа әкеліңдер! Алыңдар!..— деді Мирошник.

Таң соғыс үстінде де саспай атады. Біз ілгері жүріп кетуге қанша асыққанмен әуелі

жарқырап Есек қырған көтерілді. Одан кейін мөлт-мөлт етіп Шолпан келе жатты.

Шолпанның серпе тастаған етегіндей, сарыала жібек таң білінді. Бұл күнге дейін бар

дүние соғыс лебіне бағынышты сия Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдатықты көрініп кететін еді, жоқ, оным қате екен. Дүние

көркі өз орнында, өмір үні соғыс үстінде де бар күшімен естіледі.

Сол таң атқалы біз кідіру дегенді көрген жоқпыз. Ылғи алға тартып, Кавказ қырқаларынан

ұзай бердік. Ақ жамылған қыс та артта қалды. Кавказ құламасының алқызыл жайқалған

жазғытұрғы әсем шағы да артта қалды. Сталинград қазір жаудың түсіне де кірмеуі керек,

кіре қалса, шошып оянатын болар.

Содан кейінгі біздің бір тоқтаған жеріміз — аямпаз қыз Меридің жаралы Грушницкийге

қолынан түсіп кеткен стаканын әперген Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты бұлағы еді. Бірақ біздің ішімізде Печорин де жоқ,

Грушницкий де жоқ. Біздің заманның батырлары да, қыздары да басқа. Ескі заманның

ерлері ақын арқылы кез алдыңа бір ғана елестеп кетеді де, өз қасыңдағы ерлерден

ығысқандай, лезде жоқ болады. Танкылармен құр қол алысқан ерлер, машиналардан жаяу

озған ерлер теңдесерін өз заманынан ғана табатын сияқтанады.

Киноға ірі планда түсіріп алу үшін шақырылып жатқан Петр Ушаков, Василий Гришин,

Владимир Толстов, Самед Абдоллаев біздің заманның батырлары еді!..

Вася суретке түсуге барғалы орнынан тұра берді Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты. Гуляғa хат жазу үшін қиналғаны сонша,

екі қабақтың ортасынан тура түскен бір сызық пайда бола қалыпты. Манағы әсем таралған

шаштары үрпиіп, көз жанарлары сөніп, суретке түсіретін бейне қалмаған.

Әрине, әйелге хат жазу деген қиын нәрсе... Әсіресе, көптен бері қалам орнына қолына

мылтық ұстап жүрген адамға қиын. Оның үстіне қарайып қалмадым ба деп, өзің де

сезіктене бересің. Еденде бұрқырап жатқан жапырақ қағаздар Васяның бар азабын түгел

көрсетіп жатыр. Осы бойымен суретке түсуге барса, Вася бір ажарсыз жігіт болған шығуы

мүмкін. Мен ішкі қасиетті Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдатың қандай екені сыртқа да белгі беріп тұрады деп өсиетін

адаммын. Сондықтан іші-сырты бірдей сұлу жолдасымның болмашыдан ажары сынбасын

деп, екеумізге жазылған Гуляның хатын қолына ұстаттым:



Сең сен сақта... «Әйгіліні» де сен ал, металды да сен ал!..— дедім.

Вася хатты кезін жүгіртіп бір ғана шолып өтті де, жадырап сала берді. Шашын жалт-жұлт

тарап, көздері күлімдеп, билей басып, маған көзін бір қысты да, шығын кетті.

Сергей Астахов бұл демалыс күндерін таусылмайтын бір азаппен өткізіп келеді. Қашқан

жаудың осы маңнан табылған көп қоймаларының бірінен Сережа бір Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты жолы әртүрлі бояу,

бір бума кенеп құшақтап әкеліп еді. Болашақ землемер қазір сурет салып әуреленіп жүр.

Сережаның суретшілікке бейімділігі землемерлер техникумына түскеннен кейін

байқалған екен. Бірақ екі қарындасы, бір інісі, жарымжан шешесі жалғыз осының қолына

қарап отырғандықтан техникумды тастап, суретшілікке ауысып кете алмаған. Қазір соғыс

барын да, өзінің солдат екенін де ұмытып, суреттен басын көтермейді. Отыз шақты солдат

жатқан кең бөлменің бір бұрышын қып-қызыл ала бояумен суретке толтырып жіберді. Өзі

едәуір жүдеп те кетті.


documentapvszwz.html
documentapvthhh.html
documentapvtorp.html
documentapvtwbx.html
documentapvudmf.html
Документ Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты